Аңшылықтан олжалы қайтты; майданнан жеңіспен оралды. ~ Қар жауып тұр… Бабында әлі кәрі Ақпан,
Қансонармен қанжығасын қанатқан. Келте өмірді ертегіңмен ұзартып, Ертеңімді есіркей гөр, Жаратқан! И.Сап. ~ Тырнағы жез, қандыкөздің өзі. Былтыр ақпанда ғой, үш күнде төрт қасқыр, тоғыз түлкіні ілгені. Қанжығасын қандап қайтқан. Р.Отар. ~Бауыржан батыр ақ-боз атын ойнатып, қанжығасын қанға бөктіріп, атойлап қуып шығыпты бәрін! О.Сәрс. ~ Қанжығасын қандамайтын күн сирек, қай ауылға келсе де елдің еркесі де, серкесі де өзі ғана… К.Сег. ~ — Бұйырмасын, қалжың емес. Мен білген анау мынау өнер сымақтың кәсіпкерліктің бәрі бұл күнде түк болмай, пайдаға жарамай қалды. Мәселен, мен де сенің әкең тәрізді көкпар шаптым, салымға түстім, доданы, бәйгені қызықтадым. Одан қала берсе ит қосып, тазы жүгірттім. Бүркіт салып, қанжығаны қызыл қанға боядым. Ителгі, қаршыға ұстап, Көкшеқұмда қиқулап, қызыл шағыл жалдарын кездім. Кезінде бұл да жігіттің өнері саналған. С.Бақб.
