Олжалы қайтты. ~ Үш қостың барлық адамы бүгін мынау арқардың өзі келіп өлгенін соншалық жақсы ырым көрісті. Бүгін қанжыға майланайын деп түр екен десті. М.Әуез. ~ Одан қаймығып жалтарған кезде бір сермеп еді, дәл тұмсықтан тиді шоқпар. Жығылып қайта тұрса да қасқыр одан әрі әлсірей берді. Жүйемелете тиген тал шоқпар жықты ақыры. Сарыбала атынан түсіп, көңілі көншіп тұрған кезде Сүйгембай жетті. – Қанжығаң майлана берсін, шырақ! Қара жерде қасқыр соққан жүйрік боз жүгірісінен танбасын!
~ — Байладым, ата. Жақсы кездестіңіз. –Тырнақ алдың ғой, байланбаймын. Сойып беріп тек құйрығын алам, бөкебай болсын. Ғ.Мұст.
