ҚАНЖЫҒАҒА БАЙЛАДЫ (БӨКТЕРДІ ) Олжалады; иемденді. ~ Ұшқыр атпен зырлатып тастағанда Жарқ- жұрқ етіп ілінер көк дауылпаз. Құс қатарлап байлаған қанжығаға Қыз бұраңдап жабысып, қылады наз. Абай. ~ Ақындар айтысында бас жүлдегерлер үш миллион теңгені қанжығаға байлады. БАҚ ~ … бәлкім, біреуді- біреу қанжығаға бөктерген айтақшыл уақытта ақылға жеңдіріп, алды- артын бағамдамай қалды ма? О.Бөк. ~ Басыңнан не қиямет өткеріп ең,
Олжаң көп қанжығаңа бөктерілген. «Соғыстың соңғы жазы» мәңгі мұраң – Бақиға кете қоймас тек сенімен. Тем. Жақып.
