Posted in

ҚАННЕН ҚАПЕРСІЗ

Еш алаңсыз, жайбарақат, бейқам, ештеңеден сақтанбай, алаңсыз. * Жеңгелей алған айдай сұлу келіншегі Ақсұқсыр қаннен қаперсіз ұйқы құшағында екен. А.Өтеген. * Феодализм кезінде түткен жүнін социализм кезінде де жалғастырып, қаннен- қаперсіз отыра берді. Д.Исаб.* Омарғазы бәрін ұқты. Ұқты да: «О кім?» деп үйді басына көтерді. Сүттей ай жарығы шаңырақтан төгіле, үй ішінде сұлқ түсіп, қаннен қаперсіз ұйықтап жатқандарды оятып жіберді… Ш.Құмар. * Бала терезе алдында аяғын салбыратып қаннен- қаперсіз жайбарақат отыр. Қ.Түм. ~ Көп сөйлесіп тұруға мұрша қайда, Арғынбай мен бес жігітті қой қораға жасырып қойдым да, қаннен-қаперсіз қалпыммен күзетте тұра бердім. М.Әбдіх.