Posted in

ҚАНЫ ҚАРА

Арам пиғылды, жауыз. * «Иә, бұл шын-ақ қаны қара пәленің өзі екен. Мейлі, ол ата жауым десе, дей берсін.» Р.Рай. * Бұл жәй адамның сөзі емес. Ол – «қаны қара бір жанмын жаны жара» адамның сөзі. Ш.Сари. ~ Төзiм шiркiн болмаса да темiрден, Еш өкiнбей өту үшiн өмiрден, Қаны қара жауыма да қасқайып, Қарап тұрдым тауға құмар көңiлмен. Ә.Балқ.