Posted in

ҚАНҒА БӨКТІРДІ

Қан жоса қылып сабады, ұрып-соқты, қанға батырды. ~ Орынбор арқылы темір жолмен келіп жеткен, тачанкамен, пулеметтермен және
аэропландармен жабдықталған, қаруланған жазалаушылар ен далада көтерілісшілерді қуалай атып, қанға бөктірді. БАҚ. ~
21 ғасырда соғысып, бірін-бірі қырып жүрген адамзатты ештеңемен ақтауға болмайды… Әділетсіз жауыздар Жер-Ананы
қанға бөктірді… Не үшін? С.Әбілд. ~ Қала үш рет қызылдарға, үш рет көтерілісшілер қолына өтіп, ақыры қару-жарағы мықты
қызыл әскерлер жеңген. Келесі аптада көтерілісшілер Көкшетауды басып алып, қанға бөктірді де, күш қосып, Ақмола мен
Атбасарға аттанды. З.Тайш.

ҚАНҒА БӨКТІРДІ (БӨКТІ)

Қанға батырды (батты), қырып-жойды. * … ерек туған Есет батыр бастаған азаматтары «Қарабуралап» ұрандап атқа қонғанда қалмақты қалтыратып қана қоймай, талай-талай қанға бөктiрген екен. К.Сег. ~ … күнi кеше Жоңғардан ауып келген торғауыттың тоз- тозын шығарамын. Майдандасып, қанға бөктiремiн», деп күш көрсетiптi. К.Сег. ~ Сонда массагеттер падишасы Тамарыс патшайым Кир патшасының кесілген басын торсық толы қанға бөктіріп қойып: – Ал, қанішер Кир, аңсағанын осы болса, қанғаныңша іш, – деген екен. Қ.Ысқ. ~ Сен, шынында да, зұлым жан екенсің. Өз туған ауылыңды қалай ғана қорлап, қанға бөктіріп кеттің. Е.Айғ. ~ Сол саптама етіктің қонышынан қып- қызыл болып сорайып, шығып тұрған жіліктен бетіне саулап қан ағады… бетаузы жып- жылымшы қанға бөкті. Шошынып барып, оянып еді… О.Бөк.