Posted in

ҚАНҒА СІҢГЕН (СІҢДІ) ӘДЕТ

Ежелден қалыптасқан, әбден үйреншікті болған әдет-ғұрып. * Қатар отырған екі ел бірінің малын бірі айдатып алу қанға сіңген әдетке айналды. Ә.Шәр. * – Үкімет пен партияға рахмат! – дедім шынымен көңілім толқып. Әлденеге риза болғанда әке-шешем байқұс ылғи осылай деп шүкіршілік айтып отыратын, қанға сіңді әдетпен сол сөз менің де аузыма түсіп кетті. Т.Сәу. ~ Кеңес өкiметi қирап, әркiм өз қотырын өзi қаситын капиталистiк дәуiрдiң дарбазасына енiп кетсе де, «жұмыс орнынан үй аламын» деген қанға сiңдi қағидадан арылмады. Ә.Ыб.