Posted in

ҚАНҒА ТОЙМАС

Қанға құныққандық, шексіз қанышерлік,қанқұмарлық туралы. * Алпыс екі айлалы түлкі ұстап, Байласаң қандай қызық қарға сілкіп. Қара тіл, қанжар қияқ, қанға тоймас, Қанша көріп тұрса да алмай қоймас. Абай. * Барыңнан тегіс айырылдың. Аштан өлесің бе, қайыр сұрайсың ба — жолың ашық. Ал мен қарық болып қалдым. Қанға тойған арық қызыләскердің өне бойы толған қазына — иығына ашамайлап асқан қос оқшантай толы оқ. М.Мағ. * − Е, кісі өлтіретін адамның түрі сондай болады ғой. − Көздері қанталап тұрады екен. − Астапыралла, қанға тоймайтынның өзі десеңші. Тұмсықтан салмадың ба иттің баласын. С.Мұр. * Тек сермесе, кеседі, Жанында кескір болат бар. Не қылса да, қоймайды, Жарағы қанға тоймайды. “Жұбаныш” (дастан). * «ХХ, қатыгез, темір ғасыр дүниеге әкелген әщады құбыжықтар әулетінің бірегейі ғана емес, ең алғашқы ірі тұлғасы Жа- ламаның қанға тоймаған жаралы жаны күні бүгінге дейін тыным тапқан жоқ, өзінің кесік басын күзетіп, Ленинград- Петербургта әлі жүр деседі. Т.Жұр.