Posted in

ҚАН БАЗАРДАЙ ҚАЙНАДЫ (ҚЫЗДЫ, АЗАН-ҚАЗАН БОЛДЫ)

Сеңдей соғылысқан көп адамның ортасына түскендей. ~ Әр қырдың астында бір атан отырады. Жаз болса той, ат шабыс, қыз ұзату. ал ел іші ығы-жығы қан базардай қайнап жатушы еді. Қазір соның бірі де жоқ. С.Ел. ~ Және, қан базардай қайнап жатқан мына өмірде бір кездесе кеткен бейтаныс адамды өз әкесінен жоғары қойғанына, әуелгіде намыстанды, намыстанса да оған көнбеске болмасын, бір парақ қағаз болдырмасын еріксіз мойындады. Д.Ис. ~ Қазекең келген кез – шахты ішінің қан базардай қызған кезі еді. Ә.Әб. * Жуалы түбектен қойларын Нұрқожа қаптатса, оған Жалақтың түйелері қосылып, сонда осы төңірек қан базардай азан–қазан болып, сөйлеген сөзіңді естіртпес еді–ау! Т.Әбд.