Posted in

ҚАН ЖЫЛАДЫ

Жылай-жылай көзінен жас емес, қан аққандай болды; зар қақсады, зар иледі. * Қартқожаның ойына әлде нелер келді. Қазақтың қан жылап жатқаны мынау. Құзғындардың, «жақсылардың», адамдардың түрі анау. Ж.Айм. * Дұшпаннан құтылсақ деп қан жыласып, Түстiлер дарияға бiр сал тауып. БС “Бозжігіт” * Ой, кер заман, кер заман! Талан-тараж қан жылау.
Қабақ қату, қансырау. Азаматы жабылу, Малы күнде сабылу. Ж.Айм. * Қартқожаның ойына әлде нелер келді. Қазақтың қан жылап жатқаны мынау. Құзғындардың, «жақсылардың», адамдардың түрі анау. Ж.Айм. * Батар күннің қызыл алауы қан жылап, мұңға батқан. Меңіреу қараңғылықтың қабағын түйген нышаны сезіледі. Т.Рыс.