Posted in

ҚАН ЖҮКТЕДІ

Мойнына кісі өлімін артты. * Пышаққа түсіп өлгім кеп, талай туарылып ем. Онымнан дәнеңе шықпады, қан жүктеген көңіл қаталдық етті, есебін тауып өзімді өзім кешіргім келді де тұрды. Ж.Нәжім. ~ Ол, мұнысы кiсi өлтiрiп, мойынына қан жүктеп келсе де тiсiнен бiр сыбыс шығармайды. Ә.Ыб.

ҚАНЫН ЖҮКТЕДІ

Кісі өлтіріп, обалына қалды. * Адам қанын жүктеп отырып танып кетпексің, азамат Бүркітбаев. Міне, мынаны оқы. Куәгердің көрсеткені. С.Смат. * «Бермедің қызды неге сұрағанда, Зар қылып елі- жұртың жылағанда. Біреудің жалғызының қанын жүктеп, Тимей ме қызың байға бұ заманда? » Шәкәрім.* Өне бойы мұздап, таңғы салқынға тоңазығандай тісі- тісіне тимей дірдектесін. «Мінеки қашып- пысып тау кезіп жүріп, ақыры мойныма адам қанын жүктедім- ау! » деп ойлады ол. Қ.Ысқ.* Ақ- қарасын айыру қиын. Әдейі атпаса да… адам өлтірген адам қалай шіміркпей жер басып жүре алады? Қалай ойын ойнап, той тойлай алады? Адам қанын жүктеген жаны сыздамай ма? Ауырмай ма? Түнгі ұйқысы қашпай ма? С.Смат.