Қайғыдан құса болды; зар иледі. * Хан Жәнібек ашу қысып орнынан қарғып тұрды. Түсі бұзылып түтігіп кетті. Шыдайтын сөз
бе, бұл. «Ішкеніміз қан». Қайғымен қан жұтты деген осы болады дағы. Демек бұлардың ішкені ірің, жегені желім. Хан ақыл
тоқтатып қайта отырды. Б.Қыд. * Сүтемген болса баласынан әрі қан жұтып төсек тартып жатып алған. С.Жүн. * Сары-
арқаның бір бүйірі дүрсілдеп, ойын-той, думанға бөленгелі тұрған Ерейменге қарауылдың атқамінерлері шақырылусыз,
елеусіз қалып, қара жамылғандай іштерінен жұтты. С.Жүн. * Апырай, күні кеше кең төсіне менің кішкене, жұмыр басымды
қонақтатып, жыртыла айрылысқан өмір қосағым, Наурызым осы ма? Самаурындай бір дене… Көзі ғана таныс, жылы
ұшырайды»,- деймін ішімнен қан жұтып. М.Сүн.
