Posted in

ҚАН КӨБЕЛЕК АЙНАЛДЫ (ОЙНАДЫ, АЙДАДЫ)

Шыр айналды. * Маңайдағы барша ағаштар мен әсем иiлген бұталар, Зүбәржаттың қолындағы гүлдесте де қан көбелек айналады тоқтаусыз. Ж.Шағ. * Алдағылардың бірі омақаса жер қауып еді. Оқ бұршақтай жауды. Түтін ішінде тағы біреулер қан көбелек ойнады. Көсем топ ыдырай бастады. Ж.Айм. * Жалғыз Хансұлуды асау ағысқа түскен жаңқадай қан көбелек ойнатып әкетіп барады. С.Елу. * Тағдыр желі қанкөбелек айдап әкеп Хансұлуды да осы уылдан бір-ақ шығарған. Оған да бір жыл өтті. С.Елу.