Posted in

ҚАН МАЙДАНҒА КІРІСТІ (САЛДЫ)

Қанқұйлы соғысты бастап жіберді. ~ Қаһарлы қызыл əскер қаланы қамап алды. Ақтардың əскері қарсы шығып, екі жақ қан майданға кірісті. Ж.Айм. ~ Қаракөлеңке қораның астында да қып-қызыл төбелес. Қан майдан салып жігіттердің үні енді адам үніндей емес, арсылдап, ырылдап таласқан иттердің, гүжілдеп, ішін тарта өкіріп сүзіскен бұқалардың үніндей тұтасып кетті. С.Жүн.