Озбырлық көрсетті, жанын шығарды, зар қақтырды, зыр жүгіртті. ~ Бөртенің немере қызын байыбына бармай тұрып, өз қолымен бауыздап тастауға батылы бармады. Әуелгі сұраққа шібікшін, күтуші қатындар ілігіп, олар Бөртенің алдында қан сиді. Күнжінің ар-ожданының екі дүниеде ақ һәм адалдығына ант берді. Б.Бәміш. * Егіздің екінші сыңары басқаша болды; күн ұзақ аң-құстың берекесін алды, көлеңкеде кептіріліп, ұшы үшкірленген қатты ағаштың ұзын бұтағын оңды-солды бұлғап көкте құстың, жерде аңның соңына түсті… Жеткенін қанға бөктірді, жете алмай
қалғаны қан сиді. Н.Дәу. * Тұла бойы тітіреп, Қан қызыл, қара қан сиді .. “Шора батыр”. ~ Е, шырағым, Советіңнің жұртты қан сигізіп көшіргендегісі қыру екен ғой. Одан да оларды осы жерде-ақ атып тастауға болатын еді ғой. Б.Қыд.
