Posted in

ҚАН-СӨЛДЕН АЙРЫЛҒАН

Әбден жүдеп, өңі кеткен.* Қайдар Боқаңның немере інісі, қан-сөлден айырылған қатқан қара жігіт. Б.Майл. ~ Бұл уақыттағы Бақтығұлдың жүзі қан-сөлден айрылған сұп-сұр. Анда-санда күрсінгенде, демді дірілдеп алады. Қолы да
ұстаған нәрсесін мықтап қысып, қалтырап кетеді. М.Әу. * Қайдардың қан-сөлден айырылған қара сұр беті, оңайлықпен жібіп, жылы тартатын секілденбеді… Б.Майл. * Абайдың жүзі қан-сөлден айрылып, науқастан тұрғандай. Екі көзі қанталап, кіртиіп, жақтары солып, біртүрлі жүдеп, үрпиіп қапты. М.Әу.