Posted in

ҚАН ТАРТТЫ

Ажалына көрінді. * Досы байғұсты ажал айдады ма, әлде мылтықтың аузына өзі келетін құлжа сияқты қан тартты ма, «Соғысқа барамын да барамын! » деп ұшынды ғой. К.Сег. * Атаман Дутовтан аман құтылу қиын. Дәтке қуат қылатыны: Ознобиннің шолақ қол баласы. Ірә бір ажалына көрініп қан тартып тұрмаса, талай соғысты басынан кешкен тәжірибелі жауынгер бұл жолы да бір тәсіл тауып, адамдарын аман алып шығар деген үмітте. Ә.Нұрп.