Posted in

ҚАН ТӨКТІ

Қан майданда соғысты; опат болды. * Жоқ, жоқ, қан төгіп, шығынға батып, бөтен елді жаулап алғанша, Алтын Орда хандығының негізгі тірегінің бірі – Хорезмнен айырылмау керек. І.Ес. * Ел үшін шейт кеткен батыр болар деп ойладым. Жеткізе алмайтын болған соң, осылай жерлеген шығар. Кім де болса, әйтеуір туған жер үшін қан төккен адам ғой, аят оқиын десем, ештеме білмеймін, қасымдағы жолдасымнан өтінуді ар көрдім. М.Әбдіх. * Осы күрең топырақ тұнжыр дала, қасиетті Отан үшін қан төккен сансыз ұрпақтың үнсіз молалары. Т.Әсемқ.