Posted in

ҚАН ШЕЛЕК (ҚАНДЫ ШЕЛЕК)

Баукеспе ұры; әккі қарақшы. ~ Екі қан шелек, не шатып тұрсыңдар? Болыстарың анау қостап жылқы бағып отырған байларды көрмей, менің жалғыз керігіме көзі түсті ме? С.Бег. ~ Осындай қанды шелек адамнан әулне әкеңнің кұнын қалай алмай жүрсің?! Ең болмаса аруағын сыйлауың керек еді ғой! І.Ес. ~ Бейсембі. Саған еріп жүргенде өсе берсем, атым өшсін! Қуарған, ел-жұрттан безген қан шелек! Қырыма салмай жүрген шығармын. Алдымен саған қылармын! (Бейсембі шығады.) М.Әу. ~ Сонда бес мың қол айтады: – Бұл қашаннан қанды шелек қатерлі жау бізді шөлдетіп қырайын деп тұр ғой, – деді. “Ер Қосай”.