Жауыз, жендет. ~ Совдептің комиссары деп жүрген құдайларың большевик емес, меньшевик, меньшевик болғанда нағыз қан ішер ақтың офицері меньшевик. Ә.Әб. ~ Қан ішер жендеттер түні бойы дәрменсіз елге істерін істеп, тек бүгін күн шыға ғана жүріп кетіпті. І.Ес. ~ Жауларың қойды сыртыңнан соттап, Алаштың соты — қан ішер сұмдар. Қанша күн іздеп, өзіңді жоқтап Сұрайды жиі — білетін кім бар? Ғ.Қай.
