Зорлық көрсетіп, басына әңгір таяқ ойнатты; қан жылатты. * Досы қорғай түрегеледі, қасының қолынан келмейді. Екі ортада кедей өлетін болды ғой! Қой, бұлай болмас. Елді қан қақсатқан Неколайға да зауал болып еді. Күштілерге де бір зауал болар. Бірақ қашан болады? Ж.Айм. ~ Өткен қыста осы Мыңжасар тағы бір жазықсыз ауылдарды қан кақсатқан екен. М.Әу. * Жарым аудан есебіндегі осы екі басқару мекемесінен жинап алынған бір мың бір жүз сәйгүлікке разы болмаған атқа мінерлер алман-салық үшін деп елдің қолында бар ілікке жарайтын нәрселерінің бәріне көз сатып, оларды қан қақсататын болды. Ж.Шәкен. * – Кетерінде екі қысыр биемді ұрлап кетті. Іздеп қызылөкше боп қыр кездім. – Өз ұрымыз аз еді. Олар да талайды қан қақсатқан жоқ па? Р.Отарб.
