Posted in

ҚАН ҚЫЛДЫ

Қырып-жойып, қанға бөктірді. * Ыбырай шал бір кезде жан-жағына қаранып алып, дауысын бәсеңдете түсіп:
— Мына атты казак дегендерің жалғыз біздің қазаққа ғана әкіреңдей ме десек, әлі жеткеннің бәріне істейтіні сол екен ғой, жақын арада сол көрші поселкамыздың еркек кіндіктісін қамшымен тіліп, шиедей қан қылды. Б.Майл. ~Тіпті кеше өзінің туысы – Сары Шаяны да жұрттың көзінше араша бермей шырылдатып сабап, беті-аузын даладай қан қылды ғой. Ә.Нұрп. * Өзім өсіріп, адам қатарына қосып ем. Жаман адамды асырасаң, аузы–мұрныңды қан қылар деп… Көрмейсің бе?..» – деп арыз айтқанда, отырған жұрт қыран–топан боп күлкінің астында қалды. Т.Әбд. ~ Ақыры, амалы таусылған әке бір күні баласына: милицияға өзің бар, әрі кетсе он жыл түрмеге кесер, — деді. Мүмкін ұстап берерсің, осыдан тырп етсең қан қылам деген Федор. Қ.Ысқ.