Аяусыздықпен жазалады; зәбір көрсетті, ішкен-жегенін желкесінен шығарды. * – Құнанбай мені аяйын деп отырған жоқ. Қандай айламен қан құстырсам деп, соны ойлап отыр. Ендеше, мен несіне момақан боп, алдына барам? Неден аянам? М.Әу. * Бұл әділдікті сіздің қамқор түрмеңізден ғана көріп үйрендім. Сіздер аға-бауырларымен көрісіп қоюшыларды қан құстырмай, шонданайын үзіп шоңқайтпай тоқтайсыздар ма?! Қ.Шабд. * Темір сауыт киген Мамақты да өлтіреді. Қанды мұрт Богдүземеннің де есі ауысады. Ақ сақалды Арызқожаға қан құстырады. Ғ.Біл. * Оғыз еліне тыныштық бермеді. … ақсақалды әкеңе Арызға қан құстырды, бауырың Қиянсалжұқ өті жарылып өлді, құдіретті Оғыз билерін бықпырт тигендей қылды. Ғ.Біл.
