Қауіптенбеді, алаңдамады, мән бермеді. ~ Ал, мен жалғыз келінімнің жуан әйел болғанын қаламаймын деп кесіп айтты. Тіпті, өз қызының да тура солай тұрмыс құрғанын қаперіне алмады. Е.Әлім. * Олар кеше ғана қатынын тастай қашқан Темужиннің тез арада төрт түмен қол жиятынын қаперіне де алмай жайбарақат жата берді. Т.Жұрт. * Әлдене деп айқайлап шырылдайды. Оны тек Жайбасқан ғана естіп тұр. Арқыраған қос айғыр жеккен мелисалар қаперіне де ілер емес. С.Елу.
