Артығымен жетеді. ~ Біреуінің ерні, кейде тіпті маймиған аузы да, ал енді біреулерінің бетінің болымсыз шұңқыры, көбінесе, ұяла, қысылып күлгенде айқын көрінетін сәби нысана, немесе ағарып атып келе жатқан жазғы таңдай толқындап тұратын аппақ бұғағы – осы тәрізді жеке бір мүсіндері-ақ жігіт жүрегін баурауға қаптал жететінін кім білмейді. Ж.Сәм. ~ «Әлі жеткен алып та жығады шалып та жығады» демекші, көл-көсір ақындық шабыттағы Әсеттің оған әлі қаптал жетер еді. Ж.Шәк. ~ Қарақан басы ғана, асырай алмай жатқан бала жоқ. Зейнетақысы бір басына қаптал жетеді (заңды демалысқа шыққаны былтыр ғана екен). Н.Ақыш.
ҚАПТАЛЫНАН ЖЕТЕДІ
Әбден жеткілікті. ~ Бір көрімі тіршілікті, шаруақор жан. Бір отбасының киіп- ішерін дөңгелек айландырып, қамсыз- қамырықсыз күнелтуге күй-жайы қапталынан жететін. Т.Рыс.
