Санын соғып қалды. ~ Садақпенен өлтірсем, Қапыл қалдым дерсің сен, Мылтықпенен өлтірсем, Жазым қалдым дерсің сен. ҚҚҚ. ~ Отырған барша уәзірлер: – Әли деген сол, – деді, Атақтысы ол, – деді. Қапыл қалма, әй, Салар, Ертең әзір бол, – деді. БС. “Зарқұм”. ~ Сөйтіп Еспер аты ұмыт қалды. Егер біздің ендігі аудан басшыларымыздың оған мәдениеті жетсе, қапаста қапыл кеткен есіл көзелдің атын қалпына келтірген жөн болар еді, большевик Еспер мәңгі жасауға тиіс, інім. Б.Қыд. ~ Мал қайғысын жемеңіз, Жалғанды көп жимаңыз. Балам өлер демеңіз, Баладан, малдан пайда жоқ, Қапыл болдым демеңіз. БС. “Бозжігіт”. ~ – Барғын, балам, тұрмағын, Өзің де қапыл болмағын. Өзімнің ағам екен деп, Аянып күрзі ұрмағын. БС. “Зарқұм”.
