Posted in

ҚАП ТҮБІНДЕ ЖАТПАЙДЫ

Кімнің де болса елден ерекшелігі жұрт назарынан тыс қалмайды д.м. ~ Отты өзіңіз бастыңыз. Асықпасаңыз бұл тілегіңізді де орындармыз! Еңбекші елді іштен үңгіп жүргендеріңізді біз білмейді ғой деп ойлайсыз ба? Үшкір біз қап түбінде жатпас болар! С.Ом. ~ Сары аязда қата ма, Қайнардың аққан тұнығы. Қап түбінде жата ма, Болаттың асыл сынығы. Ақтамберді ж. ~ Сонда ол Тауманның қиындық көрген сайын кетілмей, қайрала берер қайратын танып, іштей сүйсінген. “Осындай ер туғызған ел де жау шапты деп жаси ма екен?! Мынау қап түбінде жатпайтын нағыз болат кездік қой” деп ойлаған ол. С.Досан. ~ Бірақ бұған тоқтайтын Көрбай ма. “Далбасаларыңды ұрайын”, деп одан әрі қозды. “Көре алмайсыңдар”, деп тепсінді. Таланттың жолы ауыр, деп сендірді өзін. Өткір пышақ қап түбінде жатпайды, деп екіленді. Н.Дәу.