Біреудің жақыны өлгенін естіртті (естіді). ~ – Жiгiттер, өздерiң де радиодан естiген шығарсыңдар, бүгiн Қонаевты орнынан алып тастады! – дейдi қаралы хабар естiрткендей қамығып. Т.Сәу. ~ «Енді қайттім… не деп айтам…», – деп қаралы хабар естіртетіннен жаман аласұрып жүр. С.Досж. ~ Әлгінде ғана желдей жүйткіген мың сан тұяқтың дүбірі енді қаралы хабар жеткізген бейбақтың ширыққан зарындай жонын шымырлатады. “Ақсақ құлан”. ~ Тұрысбек қажы бастаған топ та сол қаралы үйге кіріп, көңіл айтып шықты. Н.Ақыш.
