Posted in

ҚАРАР (ҚАРАУҒА) БЕТІ ЖОҚ

Өзінің әлдебір ісінен ұялып, біреудің жүзіне тура қараудан именді д.м. ~ Сол уақытта кәпірдің Шошиды қатты жүрегі. Майданға қарар беті жоқ, Бәрі тегіс жүдеді. “Зарқұм”. ~ Таңертен екеуі үнсіз шәй ішті. Біріне бірі бастарын көтеріп, тіл қатпады. Келіні ақталмады, енесі сөкпеді. Сөзсіз, Жамал іштей бәрін біліп отыр. Бибінің оған қарар беті жоқ. АҚ (“Адасқан жүрек”). ~ Бөлме ортасында төрт аяқтап тұрған үстел астында, әне, сәуленің жарқыраған ақ дидарына тіктеп қарауға беті жоқ, біреуі басын тұмшалап, бүк түсіп жатыр. М.Қаб.