Posted in

ҚАРАСЫН ҮЗДІ

Алға озып, көрінбей кетті. ~ — Ал, Әйгерiм! Мен байдан баяғыда күдер үзген кiсiмiн. Опасыз Абай екеумiзге қора салғызып жапан түзге жатақ қып тастап, қарасын үзiп кеткенi анау. “Ала жаздай қалада тегiн жатқан жоқ шығарсың!” деп ойлаушы едiм, аяғы мiнi осы болды. Жолың болмағырдың: “үйiме жетсiн” деген хабары осы! – деп тоқтаған. М.Әу. * Артта шапқан қуғыннан қарасын үзген бұлар ақ көбік болған қос аттың тізгінін тартып, ақырын аяңмен келе жатты. О.Сәрс. ~ — Шаң тимес «ә» дегенде алға түсіп кетсе қиын. Бір кетсе қарасын үзе береді. Олай ете алмай, салған жерден шаң жұтса, одан қайтып оңалмайды. С.Бақб. * Тағы бір темір қалпақты жалт етіп, қара көрсетті де, одан ары еңістеп, қалың тоғайға сүңгіп қарасын үзді. Т.Рыскелд.