Posted in

ҚАРАҒАНҒА (ҚАРАП ТҰРСАҢ, ҚАРАҒАННЫҢ) КӨЗ ТОЙМАС

Өте әдемі, көздің жауын алады. ~ Үлде менен бұлдеге, Түрлі-түсті гүлдерге, Шын жібекке оранып, Қаранғанда көз тоймас, Бүлдіршіндей киінер, Көріп сұлу баласын, Көз ішінде қарасын, Қуанып тасып жүрегі Қысып ыстық сүйеді. М.Жұм. ~ Оның қарап тұрсаң көз тоймас, суреттей сұлу, әрі жүйрік, жүзіктің көзінен өткен қос жирен аты бар. С.Жүн. ~ … көк аспанның ортасында тана көздей, алтын, күміс теңгедей, қарағанның көзі тоймас, ойлағанның ойы жетпес сен де бір қыз қызықтырған пендені. С.Жүн.