Соқа басы, жалғыз өзі. * Табысы баршылық дейік, бірақ отбасында қарақан басы жұмыс істейтін басқарушыға ол жұғым бола ма? О.Сәрс. * Әйткенмен… ордер қолға тие бере мықтап сүріндік. Біреулер: «Қарақан басты қызға неге екі бөлмелі пәтер бересіздер? Заңға сыймайды» – деп, қуынған көрінеді. М.Қаб. * ҚАПИЗА: Қарақан басыма араша бола ма десем, қатын бол деп кісі салдым де. Қаратайға қар атандырып, саңыраудан әмеңгер тауып беріп, болыстың босағасына алып келген жаратқан неткен жомарт едің! Қ.Ысқ. ~ Жалғыздықтан құр сүлдерi қалып қажыған қанша адам ерлiк жасамақ түгiлi қарақан басын әрең алып жүр. Т.Әбд. ~ Қарақан басы ғана, асырай алмай жатқан бала жоқ. Н.Ақ.
