Posted in

ҚАРАҚАТ КӨЗ

Домлақ қара көз. ~ Бәрі де ажарсыз емес. Бірақ та солардың ішінде Ақтөбе жақтан келген Аңсаған деген қыз ауызға үріп салғандай өте әдемі. Жасаураған қарақат көзі мөлдіреп тұрады. Н.Сер.~ …әлгіндегі батылдығына өзі де сенбегендей бейкүнә, қорғансыз қалыппен имене күлімсіреді: қарақат көздерінің ағы жұмыртқаның қағанағындай, майда, өткір тістері гауһардай мінсіз тізіліпті. Ж.Шағ. ~ Мені түні бойы мазалап шыққан мөлдір жанар момақан ғана бір қарап өтті. “Осы ғой, мөлдіреген қарақат көз деп, сөз жоқ, осыны айтады…” Қ.Қаз.