ҚАРАҢҒЫНЫ ҚАРМАЛАДЫ (ҚАРМАДЫ) Қараңғыда бағыт-бағдарсыз, бейберекет әрекет етті. ~ Екі тізесі жанып барады. Ақсаңдап жүріп, қараңғыны қармалап, екі шелекті де тауып алды. Н.Сер. ~ Сәуле жалт қарап еді, қараңғыны қармалап келе жатқан Тайманның көзіндегі жас Сәуленің қолындағы фонардың жарығымен шағылыса кетті. Ә.Әб. ~ – Қолыңды әкел. Менен ұстай жүр. Жығылып қалсаң мына тамақтан тағы айырыламыз. Бір жеріңді ауыртып та аласың. Түгел тікен емес пе?!- деді Еркінбек қараңғыны қармалай, оған қолын ұсынып. Ж.Сәм. ~ Мен жыламай, қайтейін, Сұлтанымнан айрылып, Ағарып көзім, суалса?! Біз бір ғарып зарлаған. Қараңғыны қармаған. Сөге көрме, жұртым-ай! А.Байт. (“Орманбет”).
