Қара түнек надандықты, сауатсыздықты ысырып, қалың елге жол көрсетті, сәуле шашты. ~ Жырламаған бақытты, Отанды біздің ақын ба? Кетіп барады жас шақтар Жайлап басып қадамын, Қараңғы түнді қақ жарып, Отаныма қарадым. Отанды құшқан бақытқа Қуанышпен қарадым. С.Еру. ~ Халқын надандық шырмауынан, бодандық бұғауынан азат етуге ниет қылған Абай адаммен де, заманмен да арпалысып бақты. Қараңғы түнді қақ жарып сәуле төкті. Шалғай ауылда, Қарауылда – Шыңғыстауда отырып-ақ бүкіл қазақтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтады. М.Парх.
- Түн қараңғылығына қарамай еркін шапты. * Тағы да қараңғы түнді қақ жарып, ырсылдап, ентігіп, танауларынан дем алып, темір денелі жалбыр қара айғыр бізді алып жөнелді. Қайда апарады? Неге апарады? С.Сей. * Көп уақыттан соң бізді бір сүйреп алып кеткен бойымен алып кетті. Қараңғы түнді қақ жарып, шұбалған жалды қара айғыр дүрсілдетіп ысылдап, танауынан дем атып бізді сүйреп алып жөнелді. С.Сей.
- Қараңғыда құлақты жарардай қатты шыққан дыбыс туралы. ~ 1937 жыл. Ақпанның ызғарлы түні. Ел қалың ұйқыда. Мүлгіген тыныштық. Тек жүк көлігінің гүрілі қараңғы түнді қақ жарды. Суыт жүрген жендеттердің жасырғаны бар. БАҚ.
