Қарғыс, құрып кеткір. ~ Мақпал тамсанды да, аяғын екі-үш басып: – Қараң қалғыр, қоясың ба, жоқ па? Тұр ғой, міне, мыналар адамша тып-тыныш. Әлде, жынцрды ма сені, түге? – деді. М. Әу. ~ Тағы өттің-ау алдымнан, қара мысық? Сенен гөрі жақсы еді бала күшік. Мен барғанша төрінде қу сайқалдың Отырмасын бір сабаз шарап ішіп?.. Қараң қалғыр, қайдасың, тұйық көше? И.Сап. ~ Қараң батқыр, қараң батсын сенің! Асымды ішіп, текеметімді тілді деген осы! Шыдап жүрсем, мілисаға хабарлағаны несі – ай?! Н.Сер. ~ Қос досым даярлапты көліктерін, Ішім жанды оларды көріп менің.
…Тағдыр-ай, қараң өшкір уайымды, Тек менің маңдайыма беріп пе едің? М.Мақ.
