Posted in

ҚАРА (АЛТЫН) БАСЫ ҚАРА ЖЕРГЕ КІРГЕНШЕ

Өмір бақи, өле-өлгенше. ~ Соны айтқанда Ақберген манағындай емес, ажары сазарыңқы тартып: … Өзің не ойлайсың? Әуелі соныңды естіртші… Саған деген менде бөтен ниет болып көрген жоқ, қара басым қара жерге кіргенше, ондай ниет болар деп ойламаймын…— деп достықтың нысанын көрсетті. Ж.Айм. ~ Мен жалғыз емеспін. Тілеулес азаматтарым бар, наркескендей қылшылдаған ер жүрек жігіттер бар. Солармен бірге болармын. Қара басым қара жерге кіргенше жауыма беріспеуге бекіндім. Нар тәуекел… » С.Ом. ~ Мейлі олар бет бұрмағанмен, Хақназар бет бұрады. Алтын басы қара жерге кіргенше, сонау Шарабхана жағасында жазықсыз төгілген қанды, күнәсіз бауыздалған қос боздағының кегін Бабасұлтанға кешпейді! Ғазиз жандардың кегін қайтарады! І.Ес.