Posted in

ҚАРА АСПАН ЖАМЫЛДЫ

Қайғы-мұңға берілді. * Менің ағам – ақымақ. Таза ақымақ. Табалдырығанан аттап, үйіне бас сұға қалсаң, қара аспанды жамылып, қайғырады да отырады. Д.Қуат. * Ақтоқты «қайда барамын» деп сұрағысы келді де, Тастанның сұсты жүзін көргенде, қара аспан жамылып жүрген пасық ағамен тіл қатысып сөйлесуге намыстанды. С.Жүн.