Posted in

ҚАРА БАРҚЫНДАНДЫ (ҚАРА БАРҚЫН ТАРТТЫ)

Қараңғыланды, қара қоңыр түске енді., көмескі тартты. * Міне, Ертіс. Суы қара барқынданып, жауырынын күжірейтіп, көк ала сең арқалап, езуінен көбігі бұрқырап, екпіні үй жыққандай долы Ертіс. Ж.Айм.. * Өзін бұрынғыдан бөлекше сөзінген Еркін киіз үйден далаға шыққанда «ишай» деп бір рет тітіркеніп алды да, әлгіндегідей қияли сезіммен ай астында қарабарқынданып жатқан қалың қатпарлы жотақыраттарға беттеді. О.Бөк. * Қазандықтың түтіні, буымен аз-маз қара барқын тартып, қабырғалары қақырық, түкірікпен бірегей салтақтанғаны болмаса, еденнің оқабы да салт кісі жүруге ылғал ететін емес, былай ғана тұруға жарарлық үй көрінеді. Ж.Айм. ~ Қара барқын тартқан қараған басы сарғыштана түсіп, мың сан түрлі жез қоңырауынан үн шығарып түр. Б.Мом.