Posted in

ҚАРА БАСТЫ

Ұятқа қалды; ыңғайсыз жағдайға тап болды, масқара болды.* Көкеңнің мұрнының шуылдағы таянып келе жатқан тықырды манадан бері естірмей отыр екен. «Құдай қара бастырғанын» білді де қиқайған ергенектішықыр еткізіп, арбаңдай басып тысқа шықты. Ж.Айм. * Сорлыны қара басып, атышулы сынықшыны танымай отырғанын біле қойды… О.Сәрс. ~ Пүліш (ышқынып). Жоқ, шешей-еке, айтпа! Айта көрме!.. Мені масқара қылма. Мені қара басты. Мен алданып қалдым… Енді ме, енді! (Қалтыранады.) Б.Майл. * Туу, қара басып танымай қалыппын ғой, — деді апам санын соғып, — ау, сіз анада Қойшыжанды ілестіріп кеткен шал екенсіз ғой. Н.Сер. ~ – Өй, қара бассын сені, – деп, Сұлтан мені мазақтай бастады. – Қара басқыр-ау, алдыңдағы таудай атты көрмей не қара басты сені. Б.Соқ. ~ — О, құдайдың мені қара бастырғанын-ай, ә? Бәсе, көзің ұқсап тұр еді… Ия, дені-қарың сау ма? Аман-есен оралдың ба? Б.Тоғ. ~ Бәрі де күні кешедей көз алдымда. Рас, кінә сенен емес… Өзімнен. Мені қара басты… Айша алдында… М.Сүн.