Бүкіл денесі, тұла бойы. * Денесі дірілдеп, аяқ-қолы әлсізденген Сальниковтың қолын жуып, спирттеуге ғана шамасы келді. Қара бақайына дейін терледі. Б.Қыд. * Екі көзін тас жұмып, теңселіп, тербеліп, қара бақайына дейін балбырап, сиқырлы сазға айналып кеткен. Саз сыбызғыдан ғана емес, оның бүкіл тұлабойынан қуалай шығып жатқандай. Т.Сәу. ~ Бірақ төбесінен балқыған қорғасын тесіп өткендей өзгеше бір сезім тұла бойын тіксінтіп, қара құсынан қара бақайына шейін қақ айырды. А.Алт. * Яғни бұның бір сарбазына жүз шақты шеріктен тиеді екен. Осыны ойлағанда қара бақайына шейін сұп – суық тер шықты. С.Смат. * Төбеге төнген қылыш қазір сыр етіп шауып түседі-ау деген суық ойдан тұла бойы сонау қара бақайына дейін қалтырап қоя берді. Ә.Нұрп.
