Алды-артыңнан ұли соққан боранды жел. ~ – Қамбар, екі-үш күн күте тұрайық. Ауа райы бұзылады, – дегені. Шынында да ертеңіне жел басталып кетті. Сол жел үдете келе, кәдімгі қара боранға айналды. З.Нұрт.
- Естен айыратын құбылыс, аласапыран мағынасында. ~ Енді міне, 1966 жылдан бастап тап талдау, мәдени төңкеріс дегендері қара боранын соқтырды. Ақыры осы қара боранға қарсы «елді азат ету» ұйымын құруға мәжбүр болдық. Ж.Шәк. ~ Заман ағымы қайда апарады, қай жартасқа ұрады — беймәлім. Айнала — қараңғы, қапас, қара боран… Көз ашып қарауға мұрша жоқ. Адассам, жалғыз адасайын. Сен қайт, Әупіш. Мен разымын… Б.Тоғ. ~ Бірақ Демежанның өз ішінде алай- дүлей ұйтқи соққан қара боран әлі басылған жоқ еді. Қ.Жұм.
