Ойын баласы. ~ Ауылдың ақсақал-қарасақалы, кәрі-жасы қаптап алдарынан шықты. Қараборбай балалар да үлкендерден қалыспай бұл екеуін көрмекке асықты. І.Жанс. ~ Белдігінді несіне шешіп алдың? Таста әрі, балалардың есін алдың. Қара борбай шағыңды ұмыттың ба? Қырықыншы жылдарды есіңе алғын. М.Мақ.
- Жарлы-жақыбай, тірлігі жүдей шаруа адамы. ~ Мынандай тегін қызыққа әбден құнығып алған Құмарбай күнгейге қарай жылып көше берсін, ол босатқан жер қара борбай қара шекпендерге кете берсін… Ә.Кек. ~ Жә, құдай қаласа, жауды жеңіп, дегнімізге жетерміз. Өмір өзгерсін. Қара борбай кедей теңдік алсын. Бірдейлік орнасын. Ә.Нұрп. ~ Мен де өзіндей қырда туған қара борбай қазақпын, Мен де өзіңнен кем тартқам жоқ кермек дәмін азаптың. Ә.Кек.
