Posted in

ҚАРА ЖАРЫС

Үлкен бәйгеге дайындық ретінде жақын қашықтыққа шауып жарысу. ~ Төлеш. Біздікі әншейін қара жарыс қой, бише-аға! Әйтпесе сіздің айтқаныңыздан қайда кетеді дейсіз. М.Әу. ~ Аттарын ә дегенде онша қыстамай желе жортып отырып етін қыздырды. Сонан Тайлан жазығына шыға жолға түсіп алып біраз қара жарыстап жер апшысын қуырды. С.Бег.