Алдап кетті, сан соқтырды. ~ — Қарағым-ау, арыстандай азулы қайның бар емес пе? Қызының үстіне қыз айттырған соң, ол бізді көре ме? Әрі онымен, әрі Әділдің бар ағайынымен мені көргісіз қылып, осы сайлауда әкеңді қapa жерге отырғызғалы жүрмісің? Шәк. ~ Ана жылғы жалғыз атты ұрлап, қылтасын қиып қара жерге отырғызған сергелдеңнің зардабы Тәтең үйінің отының басынан мықтап орын тепкен. С.Бег. ~ Сенген Сүндетбайы біраз уақыттан кейін Тойшының өзін жерге отырғызыпты. Б.Тоғ. ~ Үндемей мелшиіп қана отырып, басшылардың бұлтағына таңданып бас шайқады. Бірақ соңда да: “Алдандық, адастық, басшы қара жерге отыртып кетті. М.Әу. * Сен бір өзің емес, бәрімізді қара жерге отыртайын депсің!.. Ол, ол ма? Ен әуелі мына шешелеріңді де аштан өлтірерсің, бүйте берсең! М.Әу. ~ Сол алаяқты ұзынқұлақ біреуден естігенімде, осы Алаша хан ауылы маңында деп еді. Бірақ ханды да қара жерге отырғызып кеткенге ұқсайды. П.Дүйс.
