Өлді, о дүниелік болды. ~ Ендеше онсыз маған өмір арам! Сөз арам сөйлеп жүрген, ойым қарам! Кірермін қара жердің қойынына, Сел болып көздің жасы тарам-тарам. Ә.Нұрш. ~ Әкесі марқұм дүние тауқыметінен құтылып, қара жердің астында жатыр; көп ұзамай, бұ да әке қасынан орын алады… Ә.Нұрп. ~ Мейірімсіз ажал сорлының көк желкесіне қанжарын төндіріп тұр, міне. Бейшара енді көп ұзамай бауыры суық қара жердің құшағына кіреді де, қараңғы көрден мәңгі-бақи жай табады… С.Ом.
