Бойлы, қайратты,,төзімді, қара жұмысқа көндіккен ер адам туралы. ~ Ұлтарақтарды жұрт «Түбі жоқ, шұнақ құл» деуші еді. Ұлтарақ қол-аяғы бақандай, қара жон, солапат көсе жігіт еді. Ж.Айм. ~ Өгіздей дүңкиген қара жон Дондағұл, мынау екі балуан грузчиктің қатар соққысына төзе алмады. М.Әу. ~ «Сен кеткенде колхоздың жұмысын кім істейді? Өзіңдей қара жон азаматтар ауылға да керек. Алаңдамай жұмысыңды істей бер» деген ондағылар. Ө.Кәр. ~ Әй, дегенмен, қара жон-ау өзі! Шаршап-шалдығуды білмейді. Ө.Кәр.
- Алыстан қарауытқан үлкен жота. ~ Жаңа ғана далиып жатқан ұлан асыр қара жон талма түсте бырысқан терідей бір уыс боп қалыпты. Ә.Кек. ~ Дәнеме жоқ көңілде, Кең алаптың бойында Жалғыз қара келеді, Қара жоннан қиырда. “Қыз Жібек”.
- Ту сырт, арқа. ~ Бозбала кержақтың қара жонынан әпербақан жас офицер қазақы қамшымен осып–осып жіберді. А.Алт.
