Posted in

ҚАРА ЖҰМЫСҚА САЛДЫ

Күш пен қайратты ғана керек ететін қарапайым, бірақ ауыр жұмысқа салып қойлы. ~ Жаяу Мұсаның айтуынша, Нұрымның ең сойқанды ісі шаруалардың бас еркіндігіне қол сұғу, оларды топтап айдап, ояздың, губернатордың, өзінің үйінде еріксіз қара жұмысқа салу. Ә.Марғ. ~ Ол да бензоколонкадан бастаған. “Ұлым әрбір цент, доллардың қандай еңбекпен келетінін білсін” деп, қара жұмысқа әдейі салып отыр. М.Қаб.