Posted in

ҚАРА ЖҰРТ

Байырғы қоныс. ~ Еркем жаңа жыл қарсаңында өзінің байырғы қара жұрты Көкпектіге барыпты, биылғы жауған қалың қардың өзі сұмдық-ау. Ж.Шәк. ~ Алжиын дегенсің- ау, тегі, басыңа бақсы ойнағандай болғаның не соншалық? Со бір қара жұртқа жабысып қалғаныңа таңым бар. Ә.Асқ.

  1. Дүйім ел, бұқара халық. ~ Өзі өлген соң қара жұрты бүлініп, тоз-тозы шығады, жер бетінен жоғалады. Д.Дос. ~ ـــ Бұл олжа емес, мынау бір менің қарнымды тойдырғанымен қара жұртқа не болат. Олжа деген бір ауылға ортақ болуы керек, ـــ деп ескертіп қойып, шөкенің тамақтанып дем алуын бұйырды. Б.Жұм.