Posted in

ҚАРА КИДІ

Аза тұтты. ~ Мұнан соң бірнеше күн өткеннен кейін, қарақшылар Момынбайдың үйіне келсе, қара киіп, шашын жайып, бетін жыртып, дауыс қылып жылап отырған кемпірді көреді. ҚЕ. ~ Көсіле көлбеп жатқан сонау Синьцзянь Үстінен қайғы бұлты арылмаған, Лебінен уһлеген үн шығады, Арудай қара киіп қапаланған. Қ.Аман. ~ Апам сосын қара киіп қамығып, Қара ұлы мен шалын ойлап зарығып, Жоқтау айтып отырушы еді, оны да — Қара дауыл қағып кетті қағынып. М.Рай.